Атыраудағы жауынгерлік фестивальді 10 мың тұрғын тамашалады (+ФОТО)

60988465 692231844544818 5248161508398989312 o Жаңалықтар

Аtr.kz/27 мамыр, 2019 жыл. Атырауда жауынгерлік өнер фестивалі 10 мыңға жуық көрермен жинады. Ауқымды спорттық шара енді дәстүрлі түрде өтуді уәде етті.

Сенбіде Сұлтан Бейбарыс алаңына бірнеше сағат бойы шамамен 20 жекпе-жек өкілдері жиналды. Үлкен спорттық додаға айналды. Жауынгерлік өнер фестивалінің ұйымдастырушылары – Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық жауынгерлік өнер Ассоциациясы, сондай-ақ, Олимпиадалық емес спорттық жекпе-жек федерациясы.

Фестиваль аясында жауынгерлік өнер ассоциациясының құрамына кіретін шамамен 20 спорт түрінің чемпиондары: каратэ, муайтай, кикбоксинг, ММА, панкратион, греплинг, самбо, таэквондо және джиу-джитсудан өз өнерлерін көрсетті.

– 10 мыңнан астам адам жауынгерлік өнер фестивалінің көрермені болды. Шараның негізгі мақсаты – облыста салауатты өмір салты мен спортты насихаттау, әсіресе Атырау облысында бұл үшін барлық жағдай жасалған. Осындай шаралардан кейін біздің тұрғындарымыз балаларын әртүрлі спорт секцияларына алып келеді деп үміттенеміз, – деді Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов.

Іс-шара барысында келушілерге спорт залдары мен спорт секцияларының тізімі жазылған брошюралар таратылды. Соңында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Мерекелік концерт отшашумен аяқталды.

61531121 692231597878176 3892486627951378432 o
60941232 692231804544822 8040631845622120448 o 1
61682878 692231604544842 6283397490301468672 o
61448334 692231787878157 8092273888144130048 o
61136041 692231587878177 1488389241044992000 o
61041049 692231777878158 5964569986176385024 o

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз