Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс мешіті «Аяттан амалға» қайырымдылық жобасын іске қосты (+ВИДЕО)

80bdec57b5fad7ba1c2aebbe90629d4f XL Жаңалықтар

Atr.kz/ 17 сәуір, 2019 жыл. «Аяттан амалға».  Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиевтың бастамасымен осындай ерекше жоба бастау алды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметінің хабарлауынша, жоба аясында мұқтаж отбасыларға азық-түлік  пакеті  тұрақты түрде таратылып отыратын болады. «Егер мал-дүниені Алла разылығы жолында және қайырымдылық мақсатында жұмсайтын болсаңыз, Алла ол садақаны еселеп қайтарады. Өйткені, Алла ризық беруші. Біз бұл акция арқылы барша атыраулықтарды ізгілік жолында бірігуге шақырамыз» дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев.

Жоба басталған күні көп балалы, мұқтаж, әлеуметтік жағдайы төмен сегіз отбасына азық-түлік үлестірілді.

Айта кету керек, ізгілік акциясына белгілі эстрада жұлдызы Бейбіт Кушкалиев атсалысып, атыраулықтарды жақсылықта жарысуға шақырды.

«Atr – Ақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз