Атыраудағы экологиялық ахуалға кінәлілер анықталды

Screenshot 2019 03 29 12 20 11 Жаңалықтар

Atr.kz/ 16 сәуір, 2019 жыл. Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылуынан кейін тағайындалған сараптаманың алғашқы қорытындылары да белгілі болды.

Өткен жұма күні өңірлік коммуникациялар қызметінде өзендегі балықтың жаппай қырылуын тексеріп жатқан ведомствоаралық комиссия мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кездесуі өткен болатын.

Бұл шараның бастамашысы – ҚР Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов. Онымен бірге журналистермен кездесуге Бас прокуратураның, ҚР ІІМ, энергетика министрлігі мен ауыл шаруашылығы министрілігінің балық шаруашылығы комитетінің өкілдері де келді. Баяндамашылардың бірі, ІІМ өкілі Мұхтар Қожаев полиция екі қылмыстық іс көтергенін еске сала кетті. Оның бірі- ҚК-тің 202 бабы 2 бөлігі («Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру») және екіншісі – ҚР ҚК 328 бабы 3 бөлігі («Су көздерін ластау, қоқыстау немесе сарқу») болып табылады.

– Осы қылмыстық істер бойынша 12 ақпанда сот – экологиялық сарапатама тағайындалған болатын. Үшінші сәуір күні аталмыш сараптаманың алғашқы қорытындылары алына бастады.Соған сүйенсек, Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылуы хлормен уланудан орын алған екен, – деп мәлімдеді М. Қожаев.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда улау көзін анықтау бойынша сараптама жалғасып жатқан көрінеді.  Бұл жерде сараптаманың екінші бөлігі көптеген құжаттарды зерттеп болған соң дайын болатынын да атап өтті. Сараптама қоыртындыларын жариялаудың ұзаққа созылуының себебі – өзен бетінен мұз кеткен соң, шамамен 10 тонна өлі балық жинап алынды. Бұл өлекселер бойынша да қосымша сараптама тағайындалып, оның желтоқсандағы балықтың жаппай қырылуына қатыстылығы анықталуда екен.

Дереккөз: atpress.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз