Атырауда жоспарланған велошеру кейінге қалдырылды

3f31de35 Жаңалықтар

Аtr.kz/30 сәуір, 2019 жыл. Бұл туралы Аtr.kz-ге  Атырау қаласының әкімдігі хабарлады.

«1 мамыр сағат 17:00 ге жоспарланған жаппай велошеру шарасы ауа райының қолайсыз (жауын шашын болуы ықтималдығы) болатындығына орай өткізілмейді. Себебі жауын шашын болған жағдайда велосипедшілердің асфальтта жүруіне қауіпті жағдай туындайды.

Велошеруге қатысуға ниет білдірген тұрғындардан Атырау қаласы әкімдігі  қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды» делінген хабарламада.

Алдағы уақытта велошеру шарасы қай күнге өзгертілгендігі  қосымша хабарланатын болады.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Screenshot 20190430 154516
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз