Атырауда жолақы жеңілдігіне қатысты жаңа жоба жарияланды

Voditelyam i konduktoram avtobusov povyisili zarplatu Жаңалықтар

Atr.kz/14 тамыз, 2019 жыл. Атырау қалалық және қаламаңы қоғамдық көліктерінде (таксиден басқа) мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына жол ақы жеңілдігін беру туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 55 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы  28 сәуiрдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының    15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы   26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының 41 тармағына сәйкес және халықтың едәуір осал топтарын қорғау мақсатында, Атырау қаласының Мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру мүмкіндігі берілсін:

       1.1 Ұлы  Отан  Соғысының  қатысушыларына,  мүгедектерiне   және  оларға теңестiрiлген адамдарға;

       1.2 Бірінші,  екінші   топтағы    мүгедектерге    және   он  сегiз  жасқа дейiнгi мүгедек балаларға;

       1.3 Жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына күніне – 2 рет;

       2. Қалалық қоғамдық көліктегі (таксиден басқа) тариф құнының 50% көлемінде жеңілдетілген жол жүру мүмкіндігі берілсін:

2

      2.1. Күндізгі оқу нысанындағы техникалық және кәсіби білім беру орындарының білім алушыларына, жоғары оқу орындарының студенттеріне күніне 2 рет;

          2.2.  зейнеткерлерге – 50%

        2.3. көп балалы аналарға – 50% (18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балалары бар).

        3. Атырау қаласының әкімдігі тасымалдаушылардың әлеуметтік мәні бар маршруттарға және жеңілдік берілген жолаушылар санаттарын тасымалдау қызмет көрсетуді іске асыруға байланысты залалдарын өтеуді қарастырсын.

        4.Осы шешімнің орындалуын бақылау Маслихаттың Инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы саласы бойынша тұрақты комиссиясына (Қ.Джауымбаевқа) жүктелсін.

        5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған  күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен  соң қолданысқа енгізіледі.

ХХХХIII cессия төрағасы                                                              Г.Канатов

Мәслихат хатшысы                                                                        Р.Джанглишов

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз