Атырауда ЖИТС-ке қарсы айлық басталды

whatsapp image 2019 11 07 at 17.12.16 1 Жаңалықтар

Atr.kz/7 қараша, 2019 жыл. Атырау қаласында 1 ай көлемінде ЖИТС-пен күрес күніне орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады.

Аталған шаралар «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі» деген ұранмен 5 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Атырау облыстық ЖИТС орталығы ұйымдастыруымен жүргізілмек.  Орталықтың алдын алу бөлімінің меңгерушісі Бекет Ережеповтың айтуынша,  айлық шеңберінде тұрғындардың АИТВ инфекциясы туралы ақпараттану деңгейін жоғарылату жұмыстары жүргізіледі.  

– Қазіргі таңда, ЖИТС орталығы мамандарының күшімен тұрғындардың АИТВ инфекциясы туралы ақпараттану деңгейін көтеретін бейнероликтер дайындап, әлеуметтік желілерге жариялау жоспарлануда.  

whatsapp image 2019 11 07 at 17.12.16

Сонымен қатар, науқан барысында Атырау облысындағы колледж студенттеріне волейболдан турнир өткізіліп, ал, мектеп оқушыларына квест ойындары ұйымдастырылып жатыр. Қарашаның 6-13 аралығында ЖИТС орталығында ашық есік күндері  жоспарлануда.  Қаладағы сауда орталықтарында да айлық бойына арнайы акциялар өткізіледі, – дейді Бекет Ережепов. 

Айта кетейік, Атырау облысында ағымдағы жылдың 10 айында АИТВ дертіне шалдыққан 26 адам тіркелген. Оның 4-уі шетелдік азаматтар.

Сондай-ақ, республикалық рейтинг бойынша Атырау облысы АИТВ жұқпасының таралуы бойынша төменгі деңгейдегі аймаққа жатады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз