Атырауда жеке үйде газ жарылып, бірнеше адам зардап шекті (+ФОТО)

2005211259192181f Жаңалықтар

Аtr.kz/21 мамыр, 2020 жыл. Атырау облысының Құрманғазы ауданында газ қоспасының қопарылысынан төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 мамыр күні сағат 09:30-дар шамасында Құрманғазы ауылындағы жеке үйде табиғи газдың шығуы салдарынан қопарылыс болып, үйдегі заттар, жиһаз өртеніп, жалын үйдің шатыр шарпыған. Өрт сөндірушілер күшімен 100 шаршы метр аумаққа тараған жалын сағат 10:48-де толық сөндірілді.

«Оқыс оқиға салдарынан күйік шалған төрт адам – 56 жастағы, 22 жастағы ер адам, 51 жастағы әйел және 11 жастағы бала ауруханаға жеткізілді. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-ның 20 қызметкері мен 3 арнайы техникасы жұмылдырылды», делінген хабарламада.

2005211259192180f
200521131853758a3652493i
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз