Атырауда жазғы демалысты өткізуге не кедергі? (+ФОТО)

WhatsApp Image 2019 06 14 at 17.01.44 3 Жаңалықтар

Atr.kz/14 маусым, 2019 жыл. Атырау қаласының әкімі орталықтарда орналасқан қалалық жағажайлар мен саябақтардың жағдайын тексерді.

Бұл туралы бізге Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бүгінде Атырау қаласының меншігінде 7 қалалық жағажай, оның алтауы облыс орталығында орналасса, біреуі Геолог ауылдық округінде. Бүгінде санитарлық және аумағын тазалау жұмыстары басталды. Шомылу маусымына дейін жағажайлар толық дайын болады деп күтілуде.

– Атыраудағы шомылу маусымы белгіленген уақытта ашылуы тиіс. Жағажай аумағы қоқыстар мен шынылардан толық тазартылуы қажет. Қала тұрғындарының жазғы демалысына ештене бөгет болмауы керек. Соның ішінде, кішкентай балалар жазғы демалысын өз қаласында мүмкіндігінше қолайлы өткізуі үшін жағдай жасауымыз керек, – дейді Әлимұхаммед Құттымұратұлы қол астындағыларына.

WhatsApp Image 2019 06 14 at 17.01.44 1

Сондай-ақ, қала әкімі қалалық саябақтар мен алаңдарды тексерді. Атап айтқанда, Атырау әкімі мәдениет және демалыс орындарын көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқан Ретро-паркке барды. Жақын арада саябақ «Трава у дома» ЖШС-нің сенімді басқаруына берілген болатын. Мекеме 10 жыл ішінде баптау және көгалдандыру жұмыстарымен айналысады.

– Ең алдымен, Ретро паркте субұрқақтар мен суару жүйелерінің жұмысын жоспарлау қажет, отырғызылған өсімдіктер мен ағаштар жазғы кезеңде жоғары температураға сәйкес суарылу керек. Бұл жерді гүлденген оазиске айналдыру керек, – дейді қала әкімі Ретро Парктің басшысы Татьяна Тегайға.

WhatsApp Image 2019 06 14 at 17.01.44 2

Айта кету керек, бүгінде Атырауда қаланы көгалдандыру бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында 16 саябақ және алаң, сондай-ақ облыс орталығының 39 көшесі қалпына келтірілген.

Бұдан басқа, Атыраудағы алты алаңға 9 жаңа субұрқақ салу бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

WhatsApp Image 2019 06 14 at 17.01.44
WhatsApp Image 2019 06 14 at 17.01.45
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз