Атыраудағы Ракуша ауылында жаңа мектеп бой көтерді

5b694005d6771 Білім

Жаңа мектеп ашылды


Atr.kz/20 наурыз, 2019 жыл.  Атырау қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні мереке қарсаңында Еркінқала ауылдық округі, Ракуша елді мекеніндегі М.Өтемісов атындағы мектептің жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті.

Мектеп 300 оқушыға арналған. Қазіргі уақытта осы ауданда 645 бала Өркен ауданында орналасқан №35 мектепте оқиды. Жаңа мектеп ғимараты толықтай заманауи үлгіде салынып, қажетті керек-жарақтармен қамтамасыз етілген. Мұнда заманауи технологиялық кабинеттер, спорт залдары, асхана, зертхана кабинеттері, кітапхана бар. Сондай-ақ, мектепке дейінгі балалар тобының жеке сыныптары  да ашылған.

Atyiraulyi mektep zdikter ataryinda
????????????????????????????????????

Мектеп ғимаратының ашылу салтанатына Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед  Құттұмұратұлы мен жаңа білім ордасының салынуына демеушілік еткен  НКОК компаниясының атқарушы директорының орынбасары Ермек Марабаев қатысып, барлық ата-аналар мен мұғалімдерді, оқушыларды айтулы оқиғамен құттықтады.

Гүлдана ЖАМБОЗОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз