Атырауда воркаут алаңдары салынады (+ФОТО)

Жаңалықтар Спорт ФОТОГАЛЕРЕЯ Шаһар шырайы

Atr.kz/21 қазан, 2019 жыл. Облыс орталығындағы тозығы жеткен  8 спорттық- жаттығу алаңының орнына жаңа воркаут алаңдары салынады.

Жөндеуге жарамсыз жаттығу алаңдары воркаут-пен алмастырылады.  Әсіресе, «Авангард» ықшам ауданы, Смағұлов көшесі және Жайық жағалауында орналасқан кейбір спорттық-алаңдардың әбден тозығы жеткен. Осыны ескерген қалалық ТКШ бөлімі, олардың орнына воркаут алаңдарын салуды қолға алған.

Аталған алаңдар қаладағы 8 мекен-жайға салынады. Олардың әр қайсысының көлемі әртүрлі. Ең кішісі – 150 шаршы метрден басталып, 400 шаршы метрге дейін жетеді. Тиісінше, воркаут алаңдары аумағына қарай, түрлі спортық-құралдармен жабдықталады. 

–    Жоспар бойынша, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шарашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қарасты мердігер мекеме, алаңдарды салу үшін жерді дайындау жұмыстарын бастап кетті. Аталған жұмыстар жыл аяғына дейін аяқталады деп көзделген – деді, қалалық ТКШ бөлімінің баспасөз-хатшысы Аңсаған Сағынбаева.

Бөлім мамандарының айтуынша, воркаут алаңдары спорттық-жаттығу алаңдарына қарағанда, ұзақ мерзімге дейін төзімді болып келеді.

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *