Атырауда толассыз жауған жаңбырға орай шұғыл желі ашылды (+ВИДЕО, ФОТО)

57393067 796084800774005 6185260219187068928 n БЕЙНЕЖАЗБА
https://youtu.be/w2CPPTGSSFo

Atr.kz/ 17 сәуір, 2019 жыл. Атырауда толассыз жауған жаңбырға байланысты «Арнаулы көлік базасы» серіктестігінің аумағынан жедел штаб құрылды.

Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, шаһар басшысы Әлимұхаммед Құтұмұратұлының тапсырмасымен құрылған штабқа оның орынбасары Шәкір Кейкін жетекшілік жасады. Тұрғындармен және әлеуметтік мекемелермен тығыз жұмыс істеу үшін телефон арқылы «шұғыл желі» (8-7122-291293) ашылды. Онда су басқан көшелер мен аумақтар жөнінде ақпар қабылданды.

– Жедел жаңбырдың салдарын жою үшін «Арнаулы көлік базасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Атырау су Арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны барлық су ағызатын құрал-жабдықтарды іске қосты. Көшені су басқаны туралы алғашқы ақпарат түскен бойда шұғыл әрекет етті. Жалпы, қала бойынша 37 вакуумдық машина жұмыс істеп, бір күнде 1300 текше метр су сорылды, – дейді Ш.Кейкін.

Айта кетейік, алдымен шаһардың ескі үйлер орналасқан бөлігі, кейін қалған аумақтар судан тазартылды. Ал, проблемалық учаскелерде жұмыс істеу үшін қосымша техника қарастырылды.  

Сонымен бірге, нөсер салдарынан электр желілерінде апат орын алып, дер кезінде ауыздықталды. Бұл бағытта «Атырау-Жарық» акционерлік қоғамынан 30  бригада жұмылдырылып, үздіксіз қызмет көрсетті.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

57012487 796084920773993 3867622370785099776 n
57160056 796084894107329 5996997435937783808 n
57090141 796084860773999 2194750196884176896 n
57738856 796084734107345 4125712809642164224 n
57094396 796084767440675 3430059301761187840 n1
57503833 796054704110348 7339402022786957312 o
57155255 796054617443690 1233474092984696832 o
57811505 796054457443706 3822097675952586752 o
57451156 796054484110370 990746451497713664 o
57154464 796054507443701 3712689349796560896 o
57172533 796054580777027 1287688537449168896 o
57325118 796016164114202 6836511186930892800 n
57294118 796016207447531 4240386615379230720 n
57471860 796008014115017 470687793840914432 n
57210661 796008044115014 2364883455025610752 n
57317181 796007907448361 6918402533794775040 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз