Атырауда тұрғындар мен кәсіпкерлер өз қаржысына журналистерге маска мен антисептик алды (+ФОТО)

img 20200329 wa0081 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/29 наурыз, 2020 жыл. Айналдырған сегіз сағат ішінде атыраулық кәсіпкерлер мен қарапайым тұрғындар 247 мың теңге жинап, «ақпарат майданының сарбаздарына» медициналық маска мен антисептик таратты. Бұл туралы «Atr.kz» сайтына әріптесіміз, «Petrocouncil.kz» сайтының негізін қалаушы Раушан Найзабаева айтып берді.

-Бұл күн-түн демей жұртшылыққа жедел жаңалық жеткізіп жүрген журналистердің еңбегін мойындау деп білемін. Біздер, журналистер, қауіпсіз ортада жұмыс жасау үшін, қарапайым тұрғындар мен кәсіпкерлер қол ұшын беріп жатыр.

Бұл ізгі іске барша Атырау жұрты атсалысты. Нәтижесінде, 100 мың теңгеге мың маска тігіліп, 120 мың теңгеге 50 литр санитайзер мен 23790 теңгеге 50 дозатор сатып алынды. Бәрі де облыстық әкімдіктегі арнайы құрылған штабқа тапсырылды. Кез келген журналист сонда барып, қажетті заттарын алуына болады, – дейді ол.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

img 20200329 wa0079
img 20200329 wa0080
img 20200329 wa0082
img 20200329 wa0083
img 20200329 wa0084
http://atr.kz/bez-rubriki/dүrliguge-negiz-zhoқ-atyrauda-nan-tapshylyғy-bolmajdy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз