Атырауда тұрғын үй қоры 10,5 млн. шаршы метрге жетеді

Жаңалықтар

Atr.kz/5 қыркүйек, 2019 жыл. Бұл туралы актив жиналыста аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.

“Тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша өңірде жұмыстар атқарылып жатыр, жоспарларымыз бар. Соларды толықтай іске асыруымыз қажет.
Атырау қаласының бас жоспарына сәйкес, 2030 жылға дейін тұрғын үй қоры 4,5 млн.шаршы метрге артып, 10,5 млн.шаршы метрге жетеді. Халықтың тұрғын үйге деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында, қаланың солтүстігінен жаңадан мөлтек аудан салынуда” деп нақтылады аймақ басшысы.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *