Атырауда сот төрағасы тұрғындарды бейнебайланыс арқылы қабылдады

Жаңалықтар Құқық

Atr.kz/26 қараша, 2019 жыл.  Инновациялық технологияның арқасында жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды. Таяуда облыстық соттың төрағасы Марғұлан Бектұрғанов Индер ауданының тұрғындарымен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді.

Аудандық соттың төрағасы Жанат Хабаров, аудан әкімі Мейірім Қалауи және Билер кеңесінің төрағасы Қымбат Кәрім қатысқан шара азаматтардың сотқа деген сенімін нығайтуға ықпал етті.

М.Бектұрғанов сот саласындағы өзгерістер мен жаңа жобалардың тиімді тұстарына тоқталды. Сондай-ақ, Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Жолдауындағы сот жүйесін реформалауға қатысты пікірімен бөлісті. Облыстық сот төрағасының айтуынша, «Сот төрелігінің жеті түйіні» жобасы азаматтар мен заңды тұлғаларға қолайлы жағдай туғызу мақсатында қызмет етеді.

Ал, төрағамен бейнебайланысқа шыққан аудан тұрғындары жер мәселесі және некені бұзу істері бойынша сот практикасына қатысты сұрақтарын қойды. М.Бектұрғанов бүгінгі таңда некені бұзу үрдісінің артып отырғанына алаңдаушылық білдірді. Осы мәселеге орай Индер ауданының әкіміне отбасылық мәселелерді реттеу жөніндегі комиссияны құру және Билер кеңесінің қызметін жандандыру туралы ұсынысын айтты.

Шара соңында тұрғындар толғандырған мәселесі бойынша жауап алуға мүмкіндік бергені үшін  ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Мейрамгүл ӨТЕҒҰЛОВА,

ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *