Атырауда – салалық спартакиада (+ФОТО)

Жаңалықтар Спорт ФОТОГАЛЕРЕЯ

Atr.kz/13 тамыз, 2019 жыл. Осы сәрсенбіде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 5 жыл толды. Осы айтулы күнге  орай «Атырау» спорт кешенінде кіріс органдарының мемлекеттік қызметкерлері арасында шағын футбол, волейбол, шахмат ойыны түрлерінен облыстық спартакиада өткізілді.

Спартакиадаға аумақтық бөлімшелерге қарасты департаменттерден келген 6 команда қатынасып,  жарыстың ашылу салтанатында спортшылар алдына Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қайрат Жолмұхамбетов шығып,  өзінің жүрекжарды тілегі мен алдағы бәсекелеріне сәттілік тіледі.

Жарыс нәтижесінде волейболдан қыздар арасында бірінші орынды облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің «Барыс» командасы иемденсе, ерлер жарысында облыстық қазынашылық департамантінің «Қайсар» командасы жеңімпаз атанды.

Ал, тартысты ойындарға толы болған футбол бәсекесінде «Барыс» командасының жігіттері финалда экономикалық тергеу департаменті мен Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлерінен құралған «Достық» командасынан басым болды. Үшінші орын қалалық кіріс басқармасының «Намыс» командасына бұйырды.

Төзімділік пен ой жүйріктігін қажет қылатын шахмат ойынында «Барыс» командасы озық шығып,  «Достық» командасы екінші, мемлекеттік мүлік және жекелендіру департаментінің «Сенім» командасы үшінші орындарға жайғасты. 

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *