Атырауда полиция аға лейтенанты «Полиция барысы» атанды

feaf1fd2 880e 4066 bae8 75b7226e9d9a Жаңалықтар
feaf1fd2 880e 4066 bae8 75b7226e9d9a

Еліміздің батыс аумағында тойланатын «Көрісу» мерекесіне орай Полиция департаментінің ұйымдастыруымен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында өткен сайыста қазақша күрестен полиция аға лейтенанты Аманбек Аруов қарсыластарына боз кілемде дес бермей, «Полиция барысы» атағын иемденді.

Спорт пен қызметті қатар алып жүрген Полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы Аманбек Аруов ішкі істер органдарында 5 жылға жуық қызмет етеді. «Полиция барысы» атанған полиция аға лейтенанты бұған дейін де  самбо күресінен спорт шебері, белбеу күресінен Қазақстан чемпионы атанып үлгерген. Спортшы – полицейге Департамент басшылығы халықаралық жарыстарға да қатысуға мүмкіндік жасап келеді.

1a026ef3 eaf4 47b5 93e6 aa2ed81b4e72

«Полиция барысы» сайысында ішкі істер органдарынан барлығы 11 команда  қатысып, 100-ге жуық қызметкер күштерін сынады.

Айта кету керек, қазіргі уақытта полиция департаментінде халықаралық дәрежедегі 7 чемпион қызмет етеді, оның ішінде Департамент бастығы полиция полковнигі Аян Дүйсембаевтың өзі де бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз