Атырауда пандустары талапқай сай келмейтін нысандар жоспарланған

2019 04 24 pandus Жаңалықтар

Atr.kz/3 наурыз, 2020 жыл. Жуырда атыраулық прокурорлар уәкілетті органдармен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасамаған 8әлеуметтік нысанның құрылысын жоспарлау деректерін анықтады. 

Айталық, Өрлеу» балабақшасының жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша пандус ұзындығы – 7,4 метр, биіктігі – 0,9 метр деп көрсетілген. Алайда, заңға сәйкес, оның ұзындығы – 10,8 метрден кем болмауы тиіс. Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, анықталған 8 нысанның жобалау сметалық құжаттамасы заңға сәйкес келтіріліп, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары қорғалды. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.

Айбөпе САБЫРОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/sessiya-22-my%d2%a3-diplom-%d2%9bor%d2%93au-105-my%d2%a3-te%d2%a3ge-%d2%9baj-universitetterde-zhem%d2%9borly%d2%9b-ke%d2%a3-tara%d2%93an/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз