Атырауда орталық мешіт amin.kz сайтын іске қосты

sait 1 Жаңалықтар

Atr.kz/10 наурыз, 2020 жыл.  Бүгін Атырауда «Иманғали» орталық мешіті amin.kz сайтын ресми түрде таныстырды.

«Басты ерекшелік – сайт түрлі айдарларды жинақтап отыр. Бас мүфти бағаны, бас имам бағаны, жаңалықтар, мақалалар, сұхбаттар, ғибратты әңгімелер, сұрақ-жауап бөлімімен бірге, «Онлайн дәрістер» жобасы іске қосылып отыр. Бұл айдарда білікті мамандардың тәпсір тақырыбы бойынша сабағы мақала түрінде беріліп отырады.

Фотогалерея айдарында мешіт, өңіріміздің рухани өмірінен фотосюжеттер беріліп отырса, видеогалерея негізінен Хикмет.тв арнасының және орталық «Иманғали» мешітінің бейнеөнімдерімен жаңартылып тұрады.

Біздің мақсатымыз – дінге қызығушылық танытқан интернет қолданушыларын мейілінше шынайы, сапалы ақпарат көзімен қамтамасыз ету» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Бас имам өз сөзінде жаһандану дәуірінде ақпараттық кеңістіктің мәні зор екендігін атап өтті.

Басты ерекшелік сол, сайт тәулігіне 24 сағат жаңартылып тұрады. Әрі сайтта дін мен дәстүр сабақтастығы айқын көрініс тауып отыр.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

img 4562
img 20200310 wa0014
http://atr.kz/bez-rubriki/sәrsenbiden-bejsenbige-қaraғan-tүni-atyrauda-su-bolmajdy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз