Атырауда Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсушілердің емтиханы қашан өтетіні белгілі болды (+ФОТО)

Білім Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ

Аtr.kz/21 мамыр, 2020 жыл. Назарбаев Зияткерлік мектебіне 2020-2021 оқу жылында 7 сыныптан бастап оқуға қабылданатын үміткерлердің конкурстық іріктеуі ағымдағы жылдың 20 және 21 маусым күндері өтеді.

Үміткерде COVID-19 белгілері: құрғақ жөтел, жоғары дене қызуы, тыныс алудың қиындығы, ентігу және т.б. жағдайда конкурстық іріктеуге қатыспауыңызды сұраймыз. 103 нөмірі арқылы  «жедел жәрдем» шақырып, денсаулық сақтау ұйымдарымен хабарласып, өз-өзіңізді оқшаулауңыз. Басқа үміткерлерді тәуекелге ұшыратпауыңызды сұраймыз!

Конкурстық іріктеуде COVID-19 инфекциясын алдын алу мақсатында эпидемияға қарсы санитарлық сақтық шаралардың күшейтілетінін қаперге береміз. Осыған орай конкурстық іріктеуден өту кезінде үміткерлер келесі ережелерді қатаң сақтауы қажет:

1. Мектеп аумағына тек қана медициналық бетперде (маска) киген үміткерлер жіберіледі! Барлық үміткерде ауыстыруға арналған қосымша бетперде болуы керек.

2. Үміткердің дене қызуы (38 және одан жоғары) көтерілген жағдайда термометрия нәтижелері бойынша тестілеу үшін мектеп ғимаратына жіберілмейді.

3. Үміткер мектеп аумағында және ғимаратында, тестілеуге тіркелу және аудиторияға кіргенде басқа үміткерлерден 1 метрден кем емес ара-қашықтықты сақтау және едендік белгілер бойынша қозғалуды орындауы қажет. 

4. Мектеп ғимаратына кіре берісте аяқ киімнің табанын дезинфекциялау кілемшесінде залалсыздандыруы қажет.

3. Қолды антисептикпен өңдеуі керек.

4. Байланыссыз термометриядан өтуі қажет.

5. Тұлғаны сәйкестендіру (биометрия) рәсімі үшін масканы шешу (бір рет пайдаланылған маскалар кәдеге жаратуға жатады), үміткердің тұлғасы сәйкестендірілгеннен кейін жаңа маска киіп, қолды қайтадан антисептикпен өңдеуі керек;

6. Пайдаланылған медициналық бетперделерді арнаулы жабық жәшіктерге қалдыруы керек.

Үміткерде өзімен бірге келесі құралдар болуы керек:

1. Медициналық бетперде;

2. Емтиханға қатысу үшін рұқсат қағазы;

3. Қара сиясы бар шарикті қалам (гельді емес);

4. Тауарлық таңбасы жоқ бөтелкедегі суды алып кіруге болады;

Тестілеу кезінде келесі заттардың болуына жол берілмейді:

1. ұялы телефон7. кітаптар12. сызбалар
2. фото/бейнеқұрылғылар8. сөздіктер13. циркуль
3. қарындаштар мен өшіргіштер9. сызғыштар14. тамақ және сусындар (судан басқа)
4. маркерлер10. сөмке15. жазу құрылғылары
5. калькуляторлар11. блокноттар16. басқаэлектронды ққұрылғылар (смарт-сағаттар)
6. құлаққаптар  

Тыйым салынған заттардың бар-жоғын алдын ала тексеріп, оларды үйде қалдыруыңызды сұраймыз!

Үміткерде тестілеу кезінде тыйым салынған заттар табылған жағдайда ол аудиториядан шығарылады және оның тестілеу нәтижелері жойылады.

Тестілеуді өткізу күні мен уақыты

(жергілікті уақытпен)

20 маусым21 маусым
I КЕЗЕҢ(ТАҢЕРТЕҢ)I КЕЗЕҢ (ТАҢЕРТЕҢ)
– тіркеу: 07.00-08.30– тіркеу: 07.00-08.30
– нұсқаулық: 08.40-09.00– нұсқаулық: 08.40-90.00
– тестілеудіңбасталуы: 90.00– тестілеудіңбасталуы: 09.00
– тестілеудіңаяқталуы: 10.30– тестілеудіңаяқталуы: 11.00
IIКЕЗЕҢ(ТҮСТЕН КЕЙІН)IIКЕЗЕҢ(ТҮСТЕН КЕЙІН)
– тіркеу: 12.00 – 13.30– тіркеу: 12.00 – 13.30
– нұсқаулық: 13.40 – 14.00– нұсқаулық: 13.40 – 14.00
– тестілеудіңбасталуы: 14.00– тестілеудіңбасталуы: 14.00
– тестілеудіңаяқталуы: 15.30– тестілеудіңаяқталуы: 16.00

Тіркеуге кешіккен үміткер тестілеуге жіберілмейді!

Барлық 20 Назарбаев Зияткерлік мектептер үшін тіркеу Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 09:31 және 14:31-де жабылады, үміткерлерді аталған уақыттан кейін кіргізуге рұқсат берілмейді.

Ануар Жаманқұлов,

НЗМ-нің баспасөз өкілі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған