Атырауда муай-тайдан ел біріншілігі өтті (+ФОТО)

66396614 2464358383784538 1478038296847187968 o Жаңалықтар

Atr.kz/14 шілде, 2019 жыл. Бүгін «Атырау» спорт кешенінде Муай-Тайдан балалар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты мәреге жетті.

Төрт күн бойы еліміздің барлық өңірлерінен 200-ге жуық жас спортшы өзара мықтыны анықтады. Сайыстың ашылуында сөз алған Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Нұржауған Төлеуова қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Муай-Тай спортынан ел чемпионаттарын өткізу біз үшін үлкен мәртебе. Себебі қазіргі таңда жергілікті спортшылар еліміз бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізіп, көк туымызды биікке көтеріп келеді. Бұндай сайыстар балалардың қызығушылығын арттыратыны сөзсіз, – дейді бөлім басшысы.

Шара соңында түрлі салмақта топ жарғандар тиісті медальдармен марапатталды. Айта кету керек, жақын арада Тайланд елінде өтетін әлем чемпионатында үш бірдей спортшымыз ел намысын қорғайды. Одан бөлек жақында ғана Нұр-Сұлтан қаласында өткен фестивальда Атырау облысының спортшысы Еламан Саясатов кәсіпқойлар арасында әлем чемпионы белдігін жеңіп алған болатын.

66681985 2464358313784545 1839486835919683584 o
66467422 2464358177117892 7243002478260649984 o
66460711 2464358513784525 3634609197997359104 o
66294349 2464358557117854 8235285896690139136 o
66720658 2464358273784549 7504126555598094336 o
66116515 2464358663784510 1270302380985942016 o
66719764 2464358473784529 494656717829701632 o
66682584 2464358593784517 1238251586971500544 o
67107769 2464358213784555 4444492240198303744 o
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз