Атырауда ММА спортынан республикалық турнир өтті (+ФОТОРЕПОРТАЖ)

IMG 20190322 WA0013 Жаңалықтар

Atr.kz/22 наурыз, 2019 жыл.  Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында  Атырау облыстық  ММА федерациясы Атырау облысы әкімінің жүлдесіне орай ұйымдастырған  алғашқы республикалық турнир өз мәресіне жетті.

Оған Астана, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарынан он салмақ дәрежесінде алпысқа жуық спортшы қатысты. Сайыстың ашылуында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, Қазақстан Республикасы Біріккен ММА федерациясының бас директоры Валиxан Тен және облыстық жауынгерлік өнер қауымдастығының президенті Ерлан Хисметұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

IMG 20190322 WA0002
IMG 20190322 WA0003
IMG 20190322 WA0004
IMG 20190322 WA0005

Соңғы кезеңде жас спортшылар грепплинг және ММА спорттары бойынша жолдастық кездесу өткізді. Ағымдағы жылы алғаш рет ММА спортынан біріктірілген ел чемпионаты өтіп, Атырау облысының үш спортшысы ұлттық құрама мүшесі атанды.

IMG 20190322 WA0006
IMG 20190322 WA0007
IMG 20190322 WA0008
IMG 20190322 WA0009

Жарыс қорытындысы бойынша төмендегі спортшылар жеңімпаз атанды:

52,2 кг: Ерұлан Қабдулов (Каштенбай).

56,7 кг: Мейрамбек Құттығұлов (Чемпион).

61,2 кг: Әліби Ідіріс (Еркін Күш).

65,8 кг: Наурызбай Тынышбай (Атырау Топ Тим).

70,3 кг: Аманбек Бекмұратұлы (Атырау Топ Тим).

77,1 кг: Әбілхайыр Орынғалиев (Чемпион).

83,9 кг: Аңсар Қасанжанов (Қарағанды).

Әнел ҚАЙЫРЛЫ

IMG 20190322 WA0010
IMG 20190322 WA0011
IMG 20190322 WA0012
IMG 20190322 WA0014
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз