Атырауда мемлекеттік рәміздер алаңы мен 91 метрлік тутұғыр салынуда (+ВИДЕО, ФОТО)

WhatsApp Image 2019 05 20 at 11.12.23 БЕЙНЕЖАЗБА
https://youtu.be/W3eF_KUKL2Y

Atr.kz/20 мамыр, 2019 жыл. Тутұғыр мен 112 шаршы метрді құрайтын мемлекеттік рәміздер алаңы ағымдағы жылы қолданысқа беріледі, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Тудың көлемі 14,5-те 29 метрді құрайды. Оның артында мәрмәр тастан жасалған сәулет композициясы – Қазақстан картасы, қоладан жасалған барыс пен колоннада орналасқан. Сондай-ақ, құрылымның екі жағына екі иллюзиялық субұрқақ, жарықтандыру орнату және екі гектар жерді көгалдандыру көзделген.

– Қазіргі уақытта біз бетон бөлігіне көшудеміз, инженерлік коммуникацияларды жүргізіп жатырмыз. Құрылыс үшін бетон және топырақ қолданылады, төсеу жұмыстарына гранит және мәрмәр қолданылады. Жұмыстарды аяқтау мерзімі – ағымдағы жылдың соңы, – дейді «Кастатор» ЖШС жобалық инженері Асхат Әлианов.

WhatsApp Image 2019 05 20 at 11.12.25
WhatsApp Image 2019 05 20 at 11.12.24
WhatsApp Image 2019 05 20 at 11.12.26 1
WhatsApp Image 2019 05 20 at 11.12.26
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз