Атырауда мейірбике, Теңіз кенішінің 16 жұмысшысы коронавирустан жазылып шықты

00000 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/16 мамыр, 2020 жыл. Атырауда коронавирус инфекциясынан 17 адам емделіп шықты.

«Қазіргі уақытта Covid-19 инфекциясынан сауығып шыққандар саны 147 адамға жетті» деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

Қауіпті инфекциядан айығып шыққандардың 16-сы Теңіз кенішінің қызметкерлері. Яғни, олардың 11-і ер адамдар, 5-і әйел адамдар.

17-ші адам Атырау қалалық №4 емхананың 57 жастағы мейірбикесі.

«Емделушілерден алынған коронавирус инфекциясына бақылау тесті тест теріс нәтижені көрсетті. Осылайша, емделушілер инфекциондық стационардан шығарылды» деп хабарлады Атырау облысында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз