Атырауда Марфуға Айтқожинаның шығармашылық кеші өтті (+ФОТО)

img 20191020 wa0001 Жаңалықтар

Atr.kz/21 қазан, 2019 жыл. Атырауда ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Марфуға Айтқожинаның «Аққу-ақын» атты шығармашылық кеші өтті.

 Шараға Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып, ақынның шығармашылық табыстарға жете беруіне тілектестігін білдірді.  

– Өңірімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақын-жазушылардың шығармашылық кештері өтіп келеді. Бүгінде сол үрдіс жалғасын тауып, Марфуға Айтқожинаның кеші өтуде. Марфуға апамыздың өлеңдері әр оқырманның жүрегінен орын таба білді. Сіздің әр өлеңіңізде салмақтылық, терең мағына бар. Сіздің қазақ жұртына арнайтын өлеңдеріңіз әлі де шығатынына сенімдімін. Қаламыңыз мұқалмасын! Бүгінгі кешіңіз құтты болсын,-деді Нұрлан Ноғаев.

img 20191020 wa0005
img 20191020 wa0007

Жыр кешінде сахнадан ақынның өлеңдері оқылып, Атырау қаласының тұрғындарына арнап жазған «Қалайсыңдар, бауырлар» атты әні орындалды. Сонымен бірге, ақынның сөзі мен әніне жазылған басқа да әндер шырқалды.

– Бүгінгі шығармашылық кешті ұйымдастырып отырған Атырау облысының әкімдігіне алғысымды білдіремін. Атырау өңірінде өз шығармашылық кешімді алғаш өткізіп тұрмын. Кешті тамашалауға келген әрбір көрерменге, бүкіл Атырау жұртына алғысым шексіз, – деді Марфуға Айтқожина.

img 20191020 wa0006
img 20191020 wa0009

Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі 

img 20191020 wa0002
img 20191020 wa0004
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз