Атырауда мал саны артты

whatsapp image 2020 01 22 at 16.18.08 Жаңалықтар

Atr.kz/23 қаңтар, 2020 жыл. Атырауда мал басының саны 11,9% – ға артты. 2019 жылдың  қорытындысымен ірі қара малы 173,4 мың басты, түйе 32,4 мың басты, жылқы 83,8 мың басты, қой-ешкі 567,2 мың басты, құс 455,4 мың  басты құрады, –  деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Өндірілген өнімдер: ет тірілей салмақта 53,1 мың тонна, сүт  61,8 мың тонна, жұмыртқа  120,0 млн. дана  өндірілді. Бұл туралы ӨКҚ-де  өткен баспасөз мәслихатында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Нұрлыбаев мәлімдеді.

– Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамытуда  2018-2027 жылдарға арналған етті-мал шаруашылығын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде облысқа өткен жылы ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мен аграрлық несиелер корпорациясы арқылы 750 бас мүйізді ірі қара, 7 000 бас қой малын сатып алу тапсырмасы артығымен яғни, мүйізді ірі қара  155%-ға,  қой малы 116%-ға орындалды, – деді Қайрат Нұрлыбаев.

whatsapp image 2020 01 22 at 16.18.08 2
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз