Атырауда логопед, дефектолог және кәсіби психолог жетіспейді

Жаңалықтар Мәселе Әлеумет әлеуеті

Atr.kz/16 шілде, 2019 жыл. Қазіргі таңда өңірде ерекше білімді қажет ететін балалар саны – 6007. Өткен жылмен салыстырғанда осы санатқа жататын балалар қатары 421-ге өсті. Мектепке дейінгі тәрбиемен – 993, мектептегі оқумен 3725 бала қамтылған.

Аймақта мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру ісін ұйымдастыратын 14 арнайы мектеп-интернат пен мекеме бар. Дегенмен, білім мен тәрбие беруде, логикалық ойлауды қалыптастыру, еңбекке, өнерге, спортқа бейімдеу жұмыстарында кемшін тұстар жетерлік.

Мұндағы басты проблема – кадр жетіспеушілігі. Басқаша айтқанда, мамандармен қамтылу көрсеткіші, яғни логопедтер – 74, дефектологтар – 33, психологтар 92 пайызды құрайды, ал, тифлосурдопедагогтар жоқтың қасы.

Болашақта мемлекеттік органдар техникалық кәсіби білім беретін колледждер мен жоғары оқу орындарына І, ІІ топтағы және бала кезінен мүгедектерді қабылдау квотасы мен гранттарын енгізіп, арнайы шәкіртақы белгілеу мүмкіндігін қарастырса артық етпес еді. Соңғы жылдары аймақтағы балалар арасында туабіткен Даун син
дромы, аутизм, сал аурулары, психикалық ауытқулар мен жүйке сырқаттары көбейіп отыр.

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығына қ а т ы с т ы е ң ө з е к т і мәселенің бірі – мүгедек жандарға қажетті жағдай жасап, кедергісіз ортаны қалыптастыру. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиевадан білгеніміздей, бүгінде аудандарда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін күндізгі оңалту орталықтары ашылуда. Бұл орталықтар тек ересек адамдарға ғана емес, балаларға да арналған.

Дерттің ауыр түріне шалдыққандардың көпшілігі өздігінен жүрмейтіндер, сөйлеу, есту қабілеттері нашар дамып, арбаға таңылған балалар екендігін ескеру қажет. Бала өскен сайын оны көтеру, алып жүру қиындай түседі. Сондықтан, мүгедек бала тәрбиелеп отырған жанұяларға айрықша жүктелген. Сондай-ақ, сәбилердің тіл мүкістігін ерте, яғни 1 жасқа дейін анықтауда, түзету мен сауықтыру әдістерін қолдануда кемшіліктер бар.

*Туабіткен аномалиялық дертке ұшыраған балалар – 900

*Церебральды сал ауруымен ауыратындар – 700

*Аутизм дертімен тіркелгендер – 33

Емдеудің бірнеше тәсілі енгізілсе де оңалып кеткен сәбилер саны көбеймей тұр. Сол себепті, бөбектері үшін шарқ ұрып, қолындағының бәрін сатып, несие алып, шетел асып, жандарына медет іздеп жүргендер қарасы жетерлік. Кемтар балалар атааналарының айтуынша, бізде сәбидің нақты диагнозын қоюдағы кешігуден, баланың дамуын тежейтін жайттар көп.

Сондықтан, медицина қызметкерлері нәрестенің жатырдағы кезінен дамуын бақылап, дүние есігін ашқаннан кейін, сәбидің жетілуіне кері әсер ететін сырқатты анықтап, сауықтыру функцияларын мейлінше ерте бастаса, мүгедек сәбилер саны аз болар ма еді?

Өкінішке қарай, сәбилер мүкістігін ерте анықтауда айтарлықтай прогресс байқалмайды. «Көру, есту, сөйлеу қабілеті бұзылған балалар арнайы құралдармен қамтылса, олардың сөйлеу, есту мүшелері ерте қалыптасып, толыққанды өмір сүруге тез бейімделіп кетер еді» дегенді ата-аналар тарапынан жиі еститін болдық.

Бақытжан ЖҰМАТ

Ата-аналардың көпшілігінің пікірі – сал ауруын емдеудің тиімді бір жолы – шығыс медицинасының емдеу орталығын Атырауда ашу.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *