Атырауда литвалық дәрігерлер ота жасады

img 20191009 wa0030 Жаңалықтар

Atr.kz/10 қазан, 2019 жыл. Литвалық және нұр-сұлтандық травматолог-хирургтер облыстық балалар ауруханасында болып, туабіткен ортепедиялық дерттері, церебральды сал ауруы және дамуының әртүрлі патологиялары бар балаларға  тегін оталар жасады.

Облыстық балалар ауруханасының ұйымдастыру әдістемелік ісі бөлімінің меңгерушісі Ерлан Дабысовтың айтуынша, балалар травматологиясын емдеуде қазіргі заманғы әртүрлі халықаралық әдістерді енгізу жергілікті тұрғындар үшін медициналық көмектің сапасын арттырады. Мұнда үш күннің ішінде ақ халаттылар аяқ-қолдарының әртүрлі патологиясы бар 15 балаға отаны сәтті жүргізді.                                                                    

– Шетелдік және елордалық дәрігерлердің Атырау өңіріне келуі мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсететін «ВІ Жұлдызай» корпоративтік қорының әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылды.  Алдағы уақытта мұндай оталар аталған корпоративтік қордың Алмагүл ықшамауданында орналасқан өз орталықтарында жасалып, балалардың сауықтырылуына кеңінен мүмкіндік беріледі, – дейді аталмыш арухананың ортопед-хирургі Болат Есназаров.                                                                         

Мамандардың сөзінше, көп жағдайда бірқатар ата-ана балама медицинаға жүгініп, уақыт жоғалтып алады. Оның нәтижесінде баланың сүйектері қалыпты өсіп кете алмайды. Бұл кейіннен адамның қозғалысын қиындатады.  Мұндай жағдайдың алдын алу үшін ақ халаттылар шеберлік сыныптарын да өткізіп, ата-аналарға бүлдіршіндерді сауықтыруда жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігі туралы кеңестер берді. Дәрігерлердің айтуынша, травматологиялық оталар сәтті жүргізілсе, қалғаны кейінгі қалпына келтіру, яғни, оңалту шараларына тікелей байланысты болады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

img 20191009 wa0027
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз