Атырауда коронавируспен тіркелген соңғы үш науқастың жағдайы туралы белгілі болды

img 20200406 wa0197 COVID-19: Соңғы поштадан...

⠀ Atr.kz/7 сәуір, 2020 жыл. Ауру жұқтырғандардың екі жағдайы Атырау қаласынан тіркелді, олардың біреуі вирус жұқтырғандармен тығыз қарым-қатынаста болған, екінші науқас 6 сәуір күні  ауыр сырқатпен жедел жәрдем арқылы ауыр халде ауруханаға жатқызылды.

«Үшінші науқас Алматы қаласынан қызмет бабына байланысты  ұшақпен келген. Ол бірден карантиндік стационарға жатқызылды» делінген Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы таратқан мәліметте.

Аталған азаматтардың барлығынан зертханалық  сынамалар алынып, диагноз нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
         
Бүгінде науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

http://atr.kz/bez-rubriki/sh%d2%b1%d2%93yl-atyrauda-koronavirus-zh%d2%b1%d2%9btyr%d2%93andar-sany-32-adam%d2%93a-zhetti/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз