Атырауда коронавирус жұқтырған жүкті әйелдер дүниеге дені сау сәбилер әкелді (+ФОТО)

img 20200512 wa0072 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/12 мамыр, 2020 жыл. Атырауда коронавирус жұқтырған екі жүкті әйел босанды деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бүгін №2 Атырау облыстық ауруханасында коронавирус жұқтырған екі жүкті әйел босанды. Аталған аурухананың білікті хирургтары мен анестезиолог мамандары, Атырау облыстық перинаталдық орталықтың дәрігер-реаниматологтары, гинекологтары және акушерлік құрам мен неонатологтар оларды аман-есен босандырып алды. Салмағы- 3,620 келі, бойы 53 см болып туылған дені сау қыз баланы 29 жастағы әйел кесарь тілігі арқылы дүниеге әкелді. Ал, 24 жастағы әйел өздігінен салмағы 4,270 келі, бойы 56 см ұл баланы босанды. Жаңа туған нәрестелерден Covid-19-ға талдау алынды, нәтежисі ертең шығады деп күтілуде.

«29 және 24 жастағы жүкті әйелдер инфекциялық стационарға жүктіліктің 38-аптасында коронавирус инфекциясының симптомсыз расталған жағдайымен қабылданған болатын. Босанған аналар жұқпалы аурулар бөлімшесінде хаттамаға сәйкес емін жалғастыратын болады. Нәрестелер аналарынан оқшауланып, арнайы әзірленген таза палатаға ауыстырылды. Жағдайлары қанағаттанарлық, дәрігерлердің бақылауында» дейді №2 облыстық аурухана директорының орынбасары Надя Ерғалиева.

Айта кету қажет, босану уақыты жақындаған 29 және 24 жастағы жүкті әйелден коронавирусқа қатысты тест қорытындысы оң нәтежие бергендіктен аталған аурухананың изоляторына жатқызылған болатын.

img 20200512 wa0074
img 20200512 wa0075
img 20200512 wa0071
87ac3d98 5454 466f 9316 0c5b4565be04
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз