Атырауда коронавирус шет елдерден келген азаматтардан шыққан

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Atr.kz/27 наурыз, 2020 жыл. Атырауда коронавирусқа шалдыққан кімдер? Олар қазір қайда емделуде? Вирус қалай, қашан анықталды?

Бұл сауалдардың жауабы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды. 

– Бірінші науқас Нұр-Сұлтан қаласынан 21 наурызда Атырауға келген. Жедел респираторлық вирусты инфекциясымен бақылауға алынып, күні кеше одан коронавирус инфекциясы анықталды. Екінші пациент 17 наурызда Түркия елінің Стамбул қаласынан Алматы арқылы Атырауға ұшып келді.

Ал, Амстердамнан келген үшінші науқас шұғыл карантинге жатқызылды. Бұлардың барлығынан аталмыш дертке қатысты алынған анализ оң нәтижесін көрсетті. Науқастардың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Барлық қажетті ем-дом жасалуда. Жағдайлары дәрігерлердің тұрақты бақылауында, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизов.

Өңірдегі қазіргі ахуалға байланысты облыстың бас дәрігері Байтолла Закарьяұлы мен санитарлық дәрігері Мейіржан Атыбарұлы брифингте тұрғындарға төтенше жағдайды қатаң сақтау қажеттігін, дәрігерлердің кеңесіне құлақ асуды тапсырды.
Айта кету керек, қазіргі таңда елімізде пандемияның 124 дерегі расталды. Аталмыш дерттен бір адам көз жұмды. Екі адам жазылып шықты.

Алтыншаш Құрмашева

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *