Атырауда көп қабатты үйдің шатыры ұшып кетті (+ВИДЕО)

20190503 160229 БЕЙНЕЖАЗБА

Аtr.kz/3 мамыр, 2019 жыл.  Атырауда соққан қара дауыл тағы да үйдің шатырын ұшырып әкетті.

https://www.youtube.com/watch?v=2p6PGyyCwJU

Оқиға куәгерлері жолдаған видеоға қарап, Балықшы ауданындағы бұл үйді бірден тануға болады. Себебі, осыдан біраз бұрын нақ осы үйдің шатырының бір бөлігін жел ұшырып әкетіп, шатыр жүріп бара жатқан көліктердің үстіне құлаған болатын.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен білгеніміздей, қазіргі кезде арнайы комиссия құрылып, оқиға орнына аттанған.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз