Атырауда кімдерге салықтық рақымшылық жасалды?

Жаңалықтар Экономика

Atr.kz/14 маусым, 2019 жыл. Елімізде шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтың негізгі сомасын өтеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық жүргізілуде.

Атырау облыстық МКД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде бес айда 1484,2 млн теңгеге қарызды өтеген 1599 салық төлеушіге 326,7 млн теңге өсімді есептен шығарған.

«Өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында есепте тұрған ҚР Салық кодексінің 57-1-бабында көзделген салықтар бойынша негізгі борышқа ақы төлеу шартымен, сондай-ақ төлеу күнін қоса алғанда, 2018 жылғы 1 қазаннан бастап оны төлеу күніне дейінгі кезең үшін көрсетілген бересі сомасына есептелген жағдайда жүргізіледі», – делінген хабарламада.

Салықтық рақымшылық биылғы жылдың соңына дейін жалғасады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *