Атырауда «Кемелер шеруі» өтеді

66383626 849540875428397 8175636579134472192 o Жаңалықтар

Atr.kz/9 шілде, 2019 жыл. 12 шілде – Балық шаруашылығы қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Осыған орай, Атырауда мерекелік іс-шаралар жоспары бекітілді.

Атырау қаласы әкімдігі хабарлағандай, орталық көпірдің сол жағалауында сағат 6.30-9.30 аралығында әуесқой балықшылар арасында балық аулаудан турнир ұйымдастырылмақ. Жарыс қорытындысы бойынша жеңіске жеткен әуесқой балықшылар түрлі марапаттарға ие болады. Ал, 9.00-де қала тұрғындары мен қонақтарының қатысуымен Қ.Смағұлов жағалауында бекіре тұқымдас шабақтар суға жіберіледі.

Сондай-ақ, Қ.Смағұлов атындағы жағалауда 8.00-12.30 аралығында тілек білдірушілер балықты жылдам аршудан сынға түсе алады. Сол секілді, балық аулау құралдары мен құрылғыларын жасақтау, қол күресі, қазақша күрес, шахмат, арқан тартыс және басқа да спорт түрлерінен де сайыстар өтпекші.

Сағат 11.15-тен бастап Тұрғындар қалашығы жағалауынан «Атырау» шипажайы маңына дейін «Кемелер шеруін» тамашалауға мүмкіндік бар.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

66519058 849540748761743 5333020175153233920 o
66499133 849540758761742 5211167232796655616 n
66446258 849578155424669 8527074494332796928 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз