Атырауда карантин енгізілгелі жарақаттанушылар бес есеге азайды

whatsapp image 2020 04 06 at 10.40.55 Жаңалықтар

Atr.kz/6 сәуір, 2020 жыл. Дәрігерлер облыс орталығы тұрғындарының өзін-өзі оқшаулауының арқасында оң  нәтижеге жеткізгенін айтады, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Саин Шомиров айтуынша, егер карантин енгізілгенге дейін травматологиялық бөлімшенің дәрігерлері тәулігіне 150-ден 200-ге дейін пациенттерді қабылдаса, 27 наурыздан бастап күніне 30 адамға дейін қысқарған.

whatsapp image 2020 04 06 at 10.40.54

– Атырау тұрғындары коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес бойынша жергілікті билік қолданатын шараларға саналы түрде орындауының арқасында жарақат саны азайды деп сенемін. Жеке автокөлік қозғалысын шектеудің арқасында біз жол-көлік оқиғаларының санын және тиісінше апат салдарынан зардап шеккендердің санын азайтуға қол жеткіздік, – деді Саин Шомиров.

Дәрігерлердің айтуынша, облыс орталығы тұрғындарының барынша өзін-өзі оқшаулаудың арқасында ұсақ тұрмыстық жарақаттар саны қысқарған.

http://atr.kz/bez-rubriki/otandy%d2%9b-%d2%93alymdar-memleket-basshysyna-koronavirus%d2%9ba-%d2%9barsy-%d3%a9z-%d3%99zirlemelerin-tanystyrdy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз