Атырауда көп реттік маскаларды қайдан сатып алуға болады?

mask 44 500x500 1 Жаңалықтар

Atr.kz/24 наурыз, 2020 жыл. Атырауда көп реттік 8000 медициналық маска сатылымға шықты. Бұл туралы Атырау облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін қазақстандықтар арасында тапшылық тудырып келген көп реттік медициналық маскалар бүгінде Атыраудың дәріханаларында 23 наурыздан бастап сатылып жатыр.


Маскаларды «На Гурьевской», «Дильназ», «Гиппократ», сондай-ақ, «Нарикова», «Утарова» жеке кәсіпкерлігінің дәріханаларынан сатып алуға болады.

«Фармацевтикалық субъектілер қауымдастығының шешіміне сәйкес, көп реттік медициналық маскалардың бағасы 110 теңгеден қымбат болмауы тиіс. Бір адамға 5 данадан артық маска сатылмайды», – делінген аталмыш департаменттің хабарламасында.

1399852944 6565

Бұған дейін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің осындай сын сағатта елдік мүддеден гөрі, қалтасын қампайтып қалуды көздейтіндерді «Фейсбук» желісіндегі парақшасында сынағаны белгілі. Бұл сын негізсіз емес. Себебі, маска тапшылығын бас пайдасына тиімді пайдаланған Атыраудағы жекеменшік клиниканың бірі пандемия келгенге дейін 20 теңгеге сатылып келген бір реттік масканы 300 теңгеге сатып, елге «жанашырлығын» осылай көрсеткен еді.
Десе де, Қазақстанда бүгінде медициналық маскалар мен антисептикалық өнімдер өндірісінің республикалық деңгейде жолға қойылғанын атап өткеніміз жөн.
Еске сала кетелік, қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус дертіне шалдыққандар саны 68 адамға жетті.


Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/koronavirus-pandemiyasy-atomdy%d2%9b-zhyldamdy%d2%9bpen-%d3%a9rship-barady/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз