Атырауда күшейтілген режимде дезинфекция жүріп жатыр

Ел жаңалықтары Жаңалықтар

Atr.kz/25 наурыз, 2020 жыл. Коронавирус инфекциясына қатысты қауіпсіздік шаралары күн өткен сайын күшейтілуде.

25 наурыздан бастап арасында Атырау да бар, еліміздің бірнеше ірі қалаларында халық көп жүретін маңызды орындар дезинфекцияланады, -деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы әкімдігі Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерінен жасақталған топтың көмегімен өңірдегі маңызды нысандарды дезинфекциялауды бастады.
Іс-шараны арнайы даярлықтан өткен  Қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшелері жүргізуде. Олар жұмысқа АРС-14 автомобиль құю станцияларын пайдаланады.
Ертең алғашқы жұмыстар төрт жерде атап айтқанда, теміржол вокзалы, автовокзал мен әуежайдың маңайы сонымен қатар, «Исатай-Махамет» алаңдарын дезинфекциялаудан басталады. Жұмыс күнделікті таңғы сағат 09.00-ден кешке сағат 18.00-ге дейін жүргізіледі.     
“Арнайы жеке қорғаныс киімдерін киген әскери қызметшілер арнайы жуу құралдары мен «Рубеж» дезинфекциялық ертіндісі бар жеке газсыздандыру жинақтарын пайдалануда. Ерітінділер адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз” делінген хабарламада.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *