Атырауда «Іскер аналарға» сертификат тапсырылды

IMG 0116 Жаңалықтар

Atr.kz/3 сәуір, 2019 жыл. Облыстағы көп балалы аналарды, жалғызбасты, мүгедек бала тәрбиелеп отырған және әлеуметтік жағынан аз қамтылған, жұмыссыз адамдарды қолдау мақсатында Азаматтық орталықтың ұйымдастыруымен «Іскер ана» жобасы қолға алынған. Бүгінгі таңда осы аталған жоба аясында  мамандықтар бойынша курсты оқып бітірген 53 анаға сертификат берілді.

Шара барысында «Бухгалтерлік есеп негіздері +1С», «Шаштараз» үшінші санатты, «Аспазшы» үшінші санатты, кадр ісі, визажист мамандықтары қамтылды. Курсты бір айда  тегін оқуға, оларды еңбекпен қамтуға, тұрғылықты жері бойынша өз ісін ашуларына көмек көрсетуге мүмкіндік берілген.

IMG 0131

Облыстық ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталық» КММ-нің директорының орынбасары Ержан Имашұлы «Іскер ана» жобасы облыс әкімі Нұрлан Асқарұлының тікелей тапсырмасымен жүзеге асып жатқандығын, оған 410 адам оқуға өтініш білдіргенін айтты. «Қазіргі таңда аналар 10 мамандық бойынша оқытылуда. Осыған дейін 47 ана білімін жетілдіріп, сертификаттар табысталған болатын. Бұл жоба одан әрі жалғасын табады» деді ол.

IMG 0121

Көп балалы ананың бірі Әсем Әжіғалиева: «Мен кадр ісі мамандығын оқыдым. Оқу өте керемет өтті. Бізді оқытқан ұстаздарымызға да рахмет. Сабаққа мұқият қарап, тиянақты бітіруге бәріміз атсалыстық. Осы жоба арқасында бірнеше аналар алдағы уақытта өздерінің кәсіптерін ашуды көздеп отыр. Іскер ана – сәтті жоба» деп,  осындай үлкен мүмкіндік беріліп, қолдау білдіргендері үшін облыс әкімі Нұрлан Ноғаевқа көп балалы аналар атынан алғыс білдіріп, «Іскер ана» жобасын ұйымдастырушысы Азаматтық орталығына да өз ризашылықтарын жеткізді.

Гүлдана ЖАМБОЗОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз