Атырауда халықаралық мұнай тасымалдаушылар байқауы басталды (+ФОТО)

2019 08 06 whatsapp image 2019 08 06 at 13.22.29 1 Жаңалықтар

Atr.kz/6 тамыз, 2019 жыл. Атырауда алғаш рет мұнай тасымалдаушылар арасында «Үздік маман-2019» халықаралық байқауы ұйымдастырылды.

Екі күндік жарыс «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Тарас Қасымов және Нұрибек Шманов атындағы мұнай айдау стансаларының базасында өтті.

Сайыста отандық «ҚазТрансОйл», ресейлік «Транснефть», Белоруссиядан «Гомельтранснефть Дружба», Украинадан «Укртранснафта», Словакиядан «Транспетрол», венгерлік MOL және қытайлық CNPC компанияларынан 44 маман бақ сынады.

Ашылу салтанатына арнайы қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев шараның мәні мен маңызын айрықша атап өтті.

    – Атырау облысы – еліміздің қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі. Өздеріңізге мәлім, Қазақстанда өндірілетін мұнайдың 50 пайызы біздің облыстың үлесіне тиеді. Теңіз, Қашаған сияқты әлемдегі алып кен орындары осында орналасқан, – деді ол.

2019 08 06 100805936600
2019 08 06 whatsapp image 2019 08 06 at 13.22.30 2

Өз кезегінде «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары Сәбит Арынов та үміткерлерге сәттілік тіледі.

– Бұл байқау мұнай тасымалдаушылардың халықаралық ассоциациясына кіретін елдердің кәсіби тұрғыдан бірігіп, озық тәжірибе-біліммен алмасуына ықпал етеді, – деді ол. – Қатысушылардың құрамы жыл сайын жасарып келеді. Бұл мұнай тасымалдау саласындағы жас мамандардың тәжірибесі молайып, біліктілігі артып келе жатыр деген сөз. Биыл байрақты бәсеке Қазақстан мұнайының 120 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр.

Тура төрт ай бұрын Атыраудан болашақ мұнай тасымалдаушыларға арналған «Достық» («Дружба») футурологиялық капсуласы дайындалып, құбыр жүйесі арқылы әріптес компанияларға сапар шеккен еді. Сөйтіп, ол Ресей, Украина, Белоруссия, Словакия, Венгрия мен Чехия елдерін аралап қайтты. Қазір Атырауға оралып, қадасын қақты. Енді оның ішінде қай компания басшысы келешекке қандай ұсыныс-тілек жолдағанын 2023 жылы білуге болады. Өйткені, сол кезде Халықаралық мұнай тасымалдаушылар ассоциациясының құрылғанына 10 жылдық мерейтойы атап өтілетін болады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

WhatsApp Image 2019 08 06 at 13.22.29
2019 08 06 whatsapp image 2019 08 06 at 13.22.30 1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз