Атырауда фитнес-орталықтар уақытша жұмыстарын тоқтатты

img 20200316 164217 scaled БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/16 наурыз, 2020 жыл. Әлемде және елде орын алып жатқан жағдайларға байланысты Атырауда фитнес-орталықтар өз жұмысын уақытша тоқтата тұрады.

https://youtu.be/qUHpL3EHmSQ

«Біз бүгінгі Президенттің халыққа Үндеуі мен жарияланған төтенше жағдайға орай, 12 сәуірге жоспарланған «Атырау-марафон» шарасының өту мерзімін аустыруға шешім қабылдадық, – дейді «Атырау-марафон» ұйымдастыру комитетінің вице-президенті, «Инфинити» фитнес-орталықтар желісінің атқарушы менеджері Юрий Понамарев. – Сонымен бірге, аталмыш фитнес-орталықтар қызметін 15 сәуірге дейін тоқтатқанды жөн көрдік. Өз тарапымнан алдын-ала сақтық шараларын ұстануға шақырамын».

Бұған аталған орталықтар желісінің 2000-нан аса тұтынушысы түсіністікпен қарайды деп сенім білдірді ол. Ал, орталық мамандары мен қызметкерлеріне тиісті жалақы толығымен аударылатын болады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото мен видеоны түсірген – автор

http://atr.kz/bez-rubriki/%d3%99lemdegi-zha%d2%93daj%d2%93a-oraj-%d2%9baza%d2%9bstandy%d2%9b-k%d3%99sipkerlerdi-%d2%9boldau%d2%93a-300-mlrd-te%d2%a3ge-b%d3%a9linbek/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз