Атырауда ертең – «ашық есік» күні

WhatsApp Image 2019 05 30 at 09.54.32 1 Жаңалықтар

Аtr.kz/30 мамыр, 2019 жыл. Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасына сәйкес Атырау облысында 31 мамыр күні «Ашық есік күні» өтеді.

Тұрғындармен кездесу сағат 17:00-де өңірдің барлық ауыл,аудан,қала әкімдіктерінде, мектеп, балабақша, спорт орталықтарында, аурухана, емханаларда және т.б. әлеуметтік, мемлекеттік мекемелерде ұйымдастырылады.

Сұрақтарыңыз, өтініштеріңіз, арыз-шағымдарыңыз болса аталған мекемелердің есігі ашық.

Атырау қаласы және облыс аудандары әкімдіктерінің «Ашық есік күні» өтетін орындарын атап өтейік:

– Атырау қаласы әкімдігі:Қ.Смағұлов көшесі,5 ,ДСК(ФОК) Атырау.

– Қызылқоға ауданы әкімдігі:Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залы

– Мақат ауданы әкімдігі: Мақат кенті Х.Санбаев мектебі ғимараты

– Исатай ауданы әкімдігі: “Жалын” мәдениет үйі

– Жылыой ауданы әкімдігі: Аудандық “Кең Жылыой” мәдениет үйінің жанындағы кітапхана

– Махамбет ауданы әкімдігі: Махамбет ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залы

– Құрманғазы ауданы әкімдігі: “Көшекбаев” атындағы мәдениет үйі

– Индер ауданы әкімдігі: Индер ауданы әкімі аппаратының ғимараты

«Ашық есік күні» әр айдың соңғы жұма күнінде тұрақты түрде өңірдің барлық әлеуметтік, мемлекеттік мекемелерінде ұйымдастырылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз