Атырауда ерекше балаларға арналған инклюзивті шығармашылық шеберханасы ашылды

55845313 878094869027374 1163804019727007744 n Жаңалықтар

Atr.kz/ 2 сәуір, 2019 жыл.  «Венера» шеберханасы аутизм, сал ауруы, дауна синдромына шалдыққан балаларды оңалту бағытында жұмыс істейді.

Бұл туралы Атыраудағы Азаматтық орталық мекемесінің директоры Әйгерім Жәрдемқызы Фейсбук желісіндегі өзінің парақшасында хабарлады. «Орталық жиырма адамға шақталған. Балалармен логопед, арт-терапия және  логоритм мамандары жұмыс істейді. Бұдан бөлек, орталықта сенсорлы-динамикалық интеграция залы, денешынықтыру, бейімделу залы жабдықталған» делінген Әйгерім Жәрдемқызы қалдырған постта.

55807264 878094955694032 3989537027526754304 n

Орталықта АВА-терапия кабинеттері де жұмыс істейді. АВА-терапия -баланың жеке қабілеттері мен ресурстарын ескере отырып, әсер ету әдістері және технологиялар көмегімен, балаға қоршаған ортаға бейімделуге мүмкіндік береді.

56429311 878095005694027 2754095783685914624 n

Қазіргі таңда орталықта 20 бала бар. Ерекше балаларға жоғары санатты он маман қызмет көрсетуде.

Айта кетерлігі, орталықтың директоры Гүлбарам Ермұханова ерекше баланың анасы. Ол орталық жұмысын үнемі жетілдіріп отыратынын айтады.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз