Атырауда екі медициналық қызметкер коронавирустан емделіп шықты

1 22 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/20 сәуір, 2020 жыл. «Осылайша, аймақта коронавирус инфекциясын жеңіп шыққандар саны 23 адамға жетті» деп хабарлайды Атырау облысында Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.  

Сауығып шыққандар облыстық аурухананың 1973, 1984 жылғы екі қызметкері. Оларды бүгін, яғни, 20  сәуір күні ауруханадан шығарды. 

 Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, қазіргі таңда инфекциондық стационарда  57 науқас коронавирус инфекциясы диагнозымен емделіп жатыр. 

 Атыраудағы және жеті аудандағы провизорлық стационарда 16 адам жатыр. Карантиндік стационарда 439 адам бар. Үй карантиніне 2106 жергілікті  тұрғын оқшауланды. Инфекциондық стационарда жатқан екі науқастың жағдайы ауыр.

Олардың бірі ер адам, екіншісі жүкті әйел адам. 

 Сонымен бірге, бұған дейін жағдайы ауыр болған 82 жастағы ақсақалдың денсаулығы оңалып келеді. Ол реанимация бөлімінен стационарға ауыстырылды. Жағдайы тұрақты. Ақсақал бір апта бұрын жасанды демалу аппаратынан ажыратылды.  

Осылайша, Атырауда қатерлі індетті жеңіп шыққандар саны 23 адамға жетті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз