Атырауда еңбексүйгіш жастар көп

img 2760 30 10 18 03 28 Жаңалықтар

Atr.kz/10 наурыз, 2020 жыл. Қазір «жұмыс жоқ» деген желеумен жатып алуға болмайды. Еңбек ете білген адам зор жетістікке жете алады. Бұл ретте, «Atr.kz» тілшісі «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатысушысы жастардың бірі – Айгүл Төлебаевадан сұхбат алды.

Жергілікті бюджет қаражатынан жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбекақысын қоса қаржыландыру және субсидиялау ЖАО-ның шешімі бойынша жүзеге асуда. «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде азаматтардың қатысу шарттары және жастар практикасын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі бар. Бұл халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.

Аталған Ол былтыр қалалық жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелген. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының жолдамасы арқылы Атырау мұнай өңдеу зауытына жас маман ретінде орналасқан. Қазір сол зауыттың орталық зертханасында химиялық талдау лаборанты болып еңбек етеді. Демек, жарқын жоба жемісін беріп жатыр деген сөз.

– Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастарға арналған бағдарламаларды жүйелі жүзеге асырып жатыр. Мемлекетіміздің мазмұнды да байыпты бағдарламарын қызу қолдаймын. Себебі, білім алуды енді аяқтаған жастарға тәжірибе ауадай қажет. Ендеше, «Жастар тәжірибесі» арқылы тәжірибе жинауға мүмкіндік мол.  Әрбір жас түлек өзінің ынта-шынтасы мен қарым-қабілетінің арқасында ел үшін еселі еңбек ете алады. Мен бұған толықтай сенемін, – дейді Айгүлдің өзі бізбен әңгімесінде.

«Жастар тәжірибесін» уақытша еңбек ету алаңына теңесек те, жас маманның алғашқы кәсіби машықтарын қалыптастаруға мүмкіндік мол. Олай болса, алған білімдері мен біліктіліктерін іске асыруға атыраулық жастар сақадай сай. Олардың пікір-пайымы да осыған саяды. Ендеше, іске сәт, еңбек майданының ерікті сарбазы!

Гүләлия ИГІЛІКҚЫЗЫ

http://atr.kz/bez-rubriki/%d2%9bazirgi-ekonomikaly%d2%9b-ahual%d2%93a-%d2%9batysty-%d2%9br-%d2%b1ltty%d2%9b-banki-atyrau-filialyny%d2%a3-basshysy-t%d2%afsinik-berdi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз