Атырауда дзюдодан ашық республикалық турнир өтті

78285425 2580307872189588 3159838556705259520 o Жаңалықтар

Atr.kz/5 желтоқсан, 2019 жыл.  «Атырау»  спорт кешенінде Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері Асан Раушановтың 55 жылдық мерейтойына арналған дзюдодан 2005-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында ашық республикалық турнир өтті.

Оған Ресей, Калмыкия, Шымкент қаласы, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе және Атырау облыстарынан  жалпы есеппен 250-ден астам спортшы қатысты.

Жастайынан боз кілемде жасындай жарқылдаған Асан Раушанов, бертін келе бозбалаларды жаттықтыруды қолға алып, оның Аманбек Қошанов, Амантай Өришанов, Жандос Қиянов, Сұлтанбек Қосжасов, Береке Қайыржанов, Асман Есенғожин сынды шәкірттері  түрлі республикалық сайыстарда жеңімпаз атанды. Одан соң білікті маман біраз жыл Жылыой ауданында спорт мектебінің директоры, кейіннен Атырау қалалық спорт бөлімінің және Атырау облыстық  спорт басқармасының басшысы қызметтерінде абыройлы қызмет атқарды. Қазіргі таңда ол №3 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры лауазымында.

78957278 2580308078856234 3881848732693561344 o

Мерейгердің құрметіне ұйымдастырылған турнирдің ашылуы салтанатында Атырау қалалық спорт бөлімінің бастығы Нұрбек Ахмедияров, Жылыой ауданының құрметті спорт ардагері Бекім Жайсаңбаевтар сөз алып, өңірімізде дзюдо, самбо күрестерінің дамуына зор үлес қосқан саңлаққа өз лебіздерін білдіріп, татамиге шығар жастарға сәттілік тілесті.  Шара барысында республикалық самбо федерациясының басшысы Қаймен Есендияров атынан Жандос Қиянов, Наран Ешібаев, Асман Есенғожин, Сұлтанбек Қошанов, Аманбек Қосжанов, Амантай Оришанов, Береке Қайыржанов сынды спортшыларға «Самбо күресінің ардагері» атағы беріліп, төсбелгілері табысталды.

Жарыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медальдар мен  дипломдармен марапатталды.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз