Атырауда дәстүрлі музыка фестивалі өтпек

60649467 684715891963080 4186073532695838720 o Жаңалықтар

Аtr.kz/16 мамыр, 2019 жыл. Атырауда «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ КӨНЕ САРЫНДАРЫ» атты дәстүрлі музыка фестивалі өтеді деп жоспарлануда.

Кеш 18 мамыр күні жергілікті сағат 17.00-де Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында өтпек. Келем деушілер концертті тегін тамашалай алады. Атыраулықтар үшін елге белгілі өнерпаздар Ерлан Рысқали, Шолпан Даржанова, Алмас Алматов, Жәкен Омаров, Гүлмира Сарина, Батыржан Мықтыбаев, Қайрат Кәкімов, Ақнар Шәріпбаева, Жәнібек Жәмиев, Манарбек Дәулетов, Құттыкерей Дүйсеев және Шарипа Жәменовалар өнер көрсетеді деп күтілуде.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз