Атырауда дәрігерлер 6-шы қабаттан құлаған бүлдіршінді аман алып қалды

whatsapp image 2019 10 07 at 20.24.48 Жаңалықтар

Atr.kz/8 қазан, 2019 жыл. Оқиға 6 қыркүйек күні шамамен сағат 18.30 шамасында болған.

Атырау облыстық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөліміне 2017 жылы туылған бала «Иық сүйегінің сынуы, төменгі жақ сүйегінің сынуы, көптеген қабырғаларының  сынуы, 1-2 дәрежелі травматикалық шок» диагнозымен жеткізілді. 

Жарақаттанған қыз бала жедел түрде жансақтау бөліміне жатқызылды, дәрігерлер бір сағат ішінде баланы хирургиялық емдеуге дайындады, ота  кезінде кішкентай қыздың  көкбауыры мен ішкі қан кетулері  анықталды. Алайда, сәтті отаға  қарамастан, ауыр жарақат пен көп қан жоғалту салдарынан  тағы алты күн жан сақтау бөлімінде дәрігерлердің  бақылауында ұстауға тура келді. 
Ата-анасының айтуы бойынша, екі жасар сәби алтыншы қабаттан құлаған, жедел – жәрдем бөліміне жеткізген ата-анасының жедел әрекетінің арқасында науқасқа медициналық көмек уақытылы көрсетілді.  Дәрігерлердің кәсіби қызметінің нәтижесінде сәбидің өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз