Атырауда бес жеміс-жидек бағы отырғызылады

Jarkent Жаңалықтар

   Аtr.kz/22 сәуір, 2019 жыл. Атырау қаласындағы 14 балабақша сенімгерлік басқаруға беріледі.

Шаһарда 9 балабақша, 40 орындық гемодиализ орталығы, 1 гектар жерге жылыжай, 10,2 мың тонналық көкөніс қоймасының құрылысы басталады.

    Аталған нысандар құрылысы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында жүзеге асады. Бұл туралы Атырау облыстық мәслихатының кезектен тыс XXX сессиясында айтылды. Оның жұмысына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.

    Мәслихат депутаттары облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қадыржан Арыстанның баяндамасын тыңдады. Оның айтуынша, Атырауды көгалдандыру жобасын жүзеге асыру мерзімі – 5 жыл.  

    Жалпы 2019-2023 жылдары аралығында қалада бес жеміс-жидек бағын отырғызу көзделген. Аталмыш жобаның құны 4,7 млрд.

   Кезектен тыс сессияда халық қалаулылары өңірдің денсаулық сақтау саласының дамуына   зор үлес қосқан «КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері Мұхамбетжан Сапаровқа «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағын беру жөнінде шешім қабылдады.

Бақытжан ЖҰМАТ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз