Атырауда «Бастау» түлегі үш тілді оқу орталығын ашты

191022084836094a3577657i Жаңалықтар

Atr.kz/24 қазан, 2019 жыл. «Анар Мұқанованың мамандығы – математика пәнінің оқытушысы.

Бес жыл бойы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жұмыс істеген. Кейін отбасы жағдайына байланысты репетиторлықпен айналысуына тура келген. Бертін келе өзінің оқу орталығын ашуға бел буды. Бизнес идеясын Кәсіпкерлер палатасына әкеліп, осы жерде «Бастау» жобасына қатысты, бизнеске қажетті ақпаратты алды», – деп мәлімдеді Атырау облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Жаңадан ашылған «YS Education» оқу орталығында 60-қа жуық бала оқиды. Мұнда негізінен табиғи пәндер оқытылады. Қазір тәжірибесі мол бес оқытушы бар. Жас кәсіпкер алдағы уақытта грантқа өтінім беріп, бизнесін кеңейтпек. Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Идресовтың айтуынша, «Бастау» жобасының түлектері алғашқы жылдары ауыл шаруашылығы мен сауда саласына кеткен болса, енді бірте-бірте қызмет көрсету саласын да қолға ала бастаған.

«Биыл жоба жоспар бойынша Атырауда 1 900 адамды қамтуы тиіс. Соның 1 100-і оқып шықты. 272 адамға 709 млн теңге қаржы берілді. Соның ішінде «Еңбек» бағдарламасы арқылы сомасы 61 млн теңгеден асатын 141 грант берілді», – дейді Абдолла Идресов.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз