Атырауда бас салықшының ұсталған сәтінің видеосы жарияланды (+ВИДЕО)

11257455 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/29 қаңтар, 2020 жыл. Күдікті өзіне бағынышты қызметкерден оған қамқорлық көрсетіп, қызметте жоғарылату үшін 10 мың АҚШ долларын талап еткен.

Күдікті өзіне бағынышты қызметкерден оған қамқорлық көрсетіп, қызметте жоғарылату үшін 10 мың АҚШ долларын талап еткен

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Ол жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді, бірінші жағдайда – өзіне бағынышты тұлғадан оны қызметте көтермелеу және жалпы қамқорлығы үшін талап еткен 10 мың АҚШ долларының 3 мыңын, екінші жағдайда – жеке кәсіпкерден оның кәсібін тексеріссіз жабуға жәрдемдескені үшін 490 мың теңге пара алған», – деп хабарлады агенттік.

Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Оның кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Дереккөз: «Спутник Қазақстан»

Тағы оқыңыз:

http://atr.kz/bez-rubriki/koronovirus-zh%d2%b1%d2%9btyr%d2%93an-t%d3%a9rt-nau%d2%9basty%d2%a3-bireui-atyraudan/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз