Атырауда бүгіннен бастап бес күн ыстық су болмайды

101062 Жаңалықтар

Atr.kz/1 шілде, 2019 жыл. Атырау қаласының бірқатар аудандарында ыстық су болмайды.

«1-5 шілде аралығында жылу желілерінің күрделі жөндеу жұмысына байланысты ыстық су өшіріледі. «Нұрсая», «Авангард», «Алмагүл» ықшамаудандары мен Сәтпаев даңғылындағы және Нәрембаев көшесіндегі үйлерде 5 күн ыстық су болмайды», – деп мәлім етті «Атырау жылу желілері» АҚ баспасөз қызметі. «Нұрсая», «Авангард» және «Алмагүл» – облыс орталығындағы ең ірі ықшамаудандар.

Сәтпаев даңғылын қоса алғанда, қаладағы үйлердің жартысына ыстық су беру тоқтатылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз